«Бақыт», «Жолаушылар», «Сағыныш, «Күрес» «Кеш келген махаббат». Осылай аталған қайталанбас құнды дүниелер «Бақ құсы» атты көрмеде көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстан Республикасы, суретшілер одағының мүшесі Рәсілбек Естемесовтың туған өлкесінде тұңғыш рет өткен шығармашылық кешінің тұсауы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кесілді.
Табиғатттың тылсым сырларына тіл бітіріп, бейнелеу өнерінің байырғы сипатын жаңғыртып жүрген суретшінің бүгінгі көрмеде 90-ға тарта туындысы тамашаланды. Айта өтейік, бұл көрме 2 апта бойы мұражайдың төрінен табылатын болады.
Қолөнер шеберінің қолынан шыққан гобелендер мен графикалық суреттерге жиналған көпшілік тәнті болды. 60-қа қараған шағында қаншама құнды дүниелерді өмірге әкеліп үгерген өнер иесі алдағы уақытта да өнерсүйерқауымды тұщымды еңбектерімен қуантуды жоспарлауда. Жиналған көпшілік көрмеден көз алмай, Рәсіл Естемесовтың қолөнеріне бағасын берді. Өз кезегінде қарапайымдылықты жаны сүйетін жанның туындылары да қарапайымдылық пен шынайылыққа толы.
Расул Естемесов, суретші: “Егер мен дүниеге екінші рет келсем де суретші болар едім. Себебі, менің жанымның қалауы да осы. Өмірімді осы қолөнерінсіз елестете алмайымн. Сондай-ақ мен сурет салып, шығармашылықпен айналысқанда жаным рахат алып, рухани байй түсемін. Сондай-ақ өмірім мен өнерім – қос қанатым секілді. Әр күні ұйқыдан оянғанда, ерекше екпінмен, жаңа туындыны дүниеге әкелу үшін оянғандай сезінемін. Сондықтан, мына зал кішкентай болғандықтан 90-ға тарта туындым қойылып отыр, алдағы уақтытта да ерекше еңбектерді сыйлаймын деп үміттенемін. Ең бастысы, шығармамды бағалап жатқан жұртыма алғысымды білдіремін”.
Қарлығаш Қансейіт, қала тұрғыны: “Мен Расул ағаның еңбектерімен бұрыннан таныспын. Себебі, қаладағы бір де-бір көрме Расул Естемесовтың туындыларынсыз өтпейді. Бүгін де көрме өтеді дегенді естіп, келіп отырмыз. Өте-өте тыянақты да тамаша бейнелер. Қараған сайын көзім тоймай, әрбір бейненің сан қилы оқиғалар мен тарихқа тұнып тұрғанын байқаймыз. Өнердің жанына тазалық пен еңбекқорлықты серік еткен түрін насихаттап, дәріптеп жүрген өнер иесіне табыс тілейміз. Әрдайым өнерсүйер қауымды баға жетпес бейнелерімен қуанта берсін дегіміз келеді!”
Меруерт Бақытжанқызы, қала тұрғыны: «Мен Расул жайында көп естігенмін. Көршілерім де көп әңгіме қозғайды еңбектері турасында. 1 аптадан бері құрбым Ләззат көрме болады деп айтып жүрді. Бүгін осында келіп, көптен күткен көрмені тамашалаудамыз. Есесіне, еңбектерді өз көзіммен көріп, бұл қолөнердің авторы — Рәсілбекпен де таныстым. Көкейіме көп ой түйдім. Шығармашылық адамының жанына үңіліп, еңбектерімен танысып өмірге деген көзқарасымыз өзгерді. Сондықтан бұл күнді ешқашан ұмытпаймын».