Шымкентте тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтуде

259
тірек қимыл мүшесі зақымдалған интеллектуалдар арасында жарыс басталды

Бұл жолы тірек қимыл мүшелері зақымдалған интеллектуалдар сынға түсті. Оңтүстіктің орталығында чемпион атану мақсатында 8 облыстың 31 спортшысы Шым қалаға ат басын бұрды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы бұл чемпионат жыл бойындағы ірі жарыстардың бірі. Бұл жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға мүшелер де анықталады.

Тоғызқұмалақтанг жарыс маусымның жетісіне дейін жалғасады. Биылғы жылы аса ірі жарыстар осымен шектеледі дейді бапкер. Десек те жаттығулар жалғасып, енді халықаралық додаға дайындығын бастайды.