Түлектердің естелік суреттер топтамасының бағасы шарықтап тұр

851
Мектеп бітірушілердің суреттер топтамасының бағасы шарықтап тұр

Алтын ұя мектептен түлеп ұшқан түлектер мектеп жылдарын еске түсіретін естелік суреттері болғанын қалайды. Бұл суреттер жинағы қайта оралмас құнды уақыттың сағыныш сәттерін ойға оралтуы үшін бағалы. Сондықтан, Жас түлектер мектептен қанат қағар алдын естелік сурет топтамасын жасатуды міндеті деп санайды.

Десе де фототоптаманы жасату үшін арнайы мамандар шақырту да әдетке айналған. Айта өтейік, биылғы 2012 жылдың суреттер жинағының бағасы көңіл қуантпайын деп тұр. Мәселен, бірінші айдардағы өз суреті мен қалған беттердегі қылықты суреттерін қоса есептегенде сурет жинағының бағасы 4 мыңнан 10 мыңға дейін бағалануда.

Жансая Әбу, №47 мектептің түлегі: “Ия, расында да биыл фототоптаманың бағасы шарықтап тұр. Десе де кез келген бітіруші өзінің өткенін еске түсіретін фотожинақтың болғанын қалайды. Сондықтан, біз де қатардан қалғымыз келмей әжептеурім сомманы жинап, сурет жинағын жасаттық. Енді дәл осы суреттер топтамасы – бізге мектеп жылдарын еске түсірер мәңгілік естелік болып қала бермек. Осы орайда, келесі жылы бітіретін түлектердің де қымбат естелік суреттерін жасатқанын қаламаймын. Себебі, дәл қазіргі қоғамда біреудің қалтасы көтерсе, енді бірінің жағдайы жете бермейді. Мектеп бітіру кешіміздің өзіне қомақты қаражат жұмсалды. Сол себепті, бұл суреттер топтамысының бағасының төмендегенін қалар едім. Әрине, енді мұның маған келіп кетер пайдасы жоқ болғанымен, қымбатшылық қаптаған кезеңде келесі жылы мектеп бітіретін түлектер жағдайын ойлаудамын”.

Майра Ахметова, ата-ана: “Менің айтатын да сөзім қалмады. Мәселен, мектеп бітіру кешіне қалтамыздан 72 мың теңге қаражат шықты, енді суреттер топтамасын жасатайық десек, оның да бағасы мәз емес. Сонда бір мектеп бітірудің өзі мұң болды ма?! Ал енді балаларымыз жоғарғы оқу орнын түскенде бұл жолда қалатын шығар, әсте?! Нарық заманында бізге ақша тауып беру де оңай емес. Десе де баламыздың көңілін қимай, қатарынан қалмасын деп айтқанын істейміз. Аталған бағада суреттер жинағын сатып алып береміз. Алда әлі 3 балам мектеп бітіреді, сондықтан әлі де талай шығынданатынымыз анық”.

Айнұр Ырыскелді, мектеп түлегі: «Біз сыныптастарымызбен мектеп бітіру кеші мен суреттер топтамасын қоса жасаттық. Бізге анау айтқан қымбатқа түсе қойған жоқ. Себебі сыныбымыздағы Аяжанның ағасы фотогроф. Барлығымыз арзан әрі тиімді болуы үшін ағасына өтініш жасадық. қуанышқа орай, ол біздің айтқанымыздай етіп, қызықты әрі сапалы суреттер топтамасын жасаттық. Бағасы да 2500 теңге болды. Ең бастысы, қандай болса да сыныптастырымыз түгел түскен естелік сурет».