«Жеңгетай» «оборотындағы» қыздар

Бүгінде елімізде адам саудасымен айналысып, өзге бір азаматтың құқығы мен бостандығына қол сұғу мәселесі жиі орын алып бара жатқаны жасырын емес. Ер адамдарды құлдыққа сатып отырса, әйел адамдарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, пайда табатындар да кездесіп қалады. Тіпті жеңгетайлықты кәсіп еткен біреулер «белін босатып, бой жазғысы» келетін еркектерді үйінде осындай «тірі тауардың» түртүрімен қамтамасыз етуге жағдай жасап қойған.

Өңірімізде адам саудасына қатысты қылмыстық істермен күресу және болдырмауға бағытталған ісшаралар жүргізу негізінде облыс көлемінде бірнеше рет «STOP трафик» профилактикалық жедел ісшаралары өткізілді. Ағымдағы жылдың 4 айының өзінде осы санатта 18 қылмыс тіркелген. Адамды бостандығынан айырып, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу оқиғалары Өзбекстан республикасы мен шекаралас Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында жиі орыналады. Мысалы, осы ауылда тұратын Күлзаира Қалыбаева есімді азаматшаның өз үйінде бірнеше қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталған. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 8-нен 9-на қараған түні К. Қалыбаева Умида есімді өзбек ұлтты азаматшадан 100 мың теңгеге «Ж. Ю. И» және «Ситора» есімді екі бойжеткенді сатып алған. Өзінің жеке иелігіне көшкен екі қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп отырған. Алайда әлгі екі қызүйдің көше жағындағы терезесінің темір торын кесіп, қашып кеткен.

Мұнымен шектеліп қалмаған К. Қалыбаева, 17-қаңтар күні «тірі тауарды» «Д.М.Б» есімді азаматтан қарызға алған. Бұл жолы ол екі қыздың әрқайсысын 15 мың теңгеден алуға келіседі. Алайда ақшасының жоқ екенін айтып, қыздарды алып қалады. «Д.М.Б» есімді адам 19-қаңтар күні қыздардың құнын сұрап қайта келеді. Бірер күнде қалған ақшаны беретінін айтқан К. Қалыбаева оны 5000 теңге беріп шығарып салған.

Өз үйінде жезөкшелікпен айналысатын притон ашқан К. Қалыбаеваның заңсыз әрекеттерінің бәрі бүгінде әшкере болып, ол заң алдында жауап беруде. Ол ҚРҚКнің бірнеше баптары бойынша айыпты деп танылып, оған 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.

Адам тәнін саудаға салып, олардың заңсыз бас бостандығынан айырып, жеңгетайлықпен айналысқан К.Калыбаеваның өзі енді теміртордың ар жағынан бірақ шығып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болады.

Құндызай ҚАЛАУОВА.