Әйел азаматтарының әлеуетін арттыру назардан тыс қалмайды

345
сурет baq.kz сайтынан алынды

Ел Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы 17-тапсырмасы әйел азаматтарының әлеуетін арттыруға арналып отыр. Онда балалары үшін балабақшаға төленетін шығындарды отбасындағы санына байланысты қысқартылуы, сондай-ақ, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұ­мысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін та­быс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұр­ғы­да реттеу мәселелері тапсырылды.

Қапбар Сейдалиев, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы: «Бұл тапсырма өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі елімізде жаңа инновациялық-индустриялық бағдарлама бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Ақысыз демалысқа кеткен азаматшалар, бала күтімінен кейін жұмысына шығып, қайта даярланатын болады. Бұл тұрғыда Елбасының жұмыспен қамту бағдарламасы тағы бар. Заң бәріне ортақ болған соң, бұл тапсырмаларды орындауға барлық мекемелер жұмылдырылады. Мейлі ол жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын бала күтіміне кеткен ананың орны сақталуы керек».

Әйелдердің әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған тапсырмасын естіген аяулылардың қуанышында шек жоқ. Бұл тапсырма біздің өңірде де оңды шешімін табады деп сенеді олар.

Әлемнің әміршісі — еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Осылайша, Елбасы баршаны ел игілігі жолында еңбек етуге шақырды.