Облыстық жүйке аурулар диспансері жабылмақ

Оңтүстік Қазақстан облыстық жүйке аурулар диспансері санитарлық талаптарға сай келмейді. Егер жуық арада емдеу орнындағы тиісті нормалар сақталып, жағдай түзелмесе, ол өзге де қауіпті індет ошағына айналуы мүмкін. Өңіраралық экономикалық соты осындай шешім шығарған.

1972 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекеме осы күнге дейін бірде – бір жөндеу көрмепті. Аураханада, әсіресе санитарлық талаптар өрескел бұзылған. Бірақ біз оған көз жеткізе алмай, мекеменің ауласынан қайттық.

Сот орындаушылар бас дәрігерге бір емес, бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ санитарлық кемшіліктерді ретке келтіру ісін басшылық барынша созбалаңға салған. Ол түсінікті де. Күрделі жөндеу жүргізуге қыруар қаржы керек. Бүгінде әупірімдеп жүріп 23 млн 650 мың теңгеге жобалық сметалық құжат жасалған. Енді тағы да қазына қоржынына қарап отыр. Оған дейін ауруханада өзге ауру ошағы пайда болмаса. 

Аурухана басшылығы мекеменің жұмысын тоқтатпау туралы және біршама уақыттан соң бәрін рететйтіні жөнінде экономикалық сотқа өтініш жазған. Олай етпесе мұндағы  600-ден астам жүйке сырқатына ұшырағандардың баратын жері жоқ. Ендігі жерде олардың тағдыры соттың өтінішті қарастыруынан кейін белгілі.