Úı ANONS 58 млн. теңге: Санитарлық талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынды

58 млн. теңге: Санитарлық талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынды

Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамағандарға  288 әкімшілік шара көрілді. Яғни, жауапты  мамандар былтыр жоспарлы түрде 61, ал  жоспардан тыс 175 тексеру жүргізген.  Нәтижесінде заңбұзушылықтарға жол берген нысандарға жалпы сомасы 58 миллион теңгеге жуық айыппұл салған. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары арасында заңбұзушылықтар жиі тіркелген. Сонымен қатар, тексеру барысында білім беру мекемелері мен жекеменшік медициналық ұйымдарда да санитарлық нормалардың толық сақталмай отырғаны белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, мұндай тексерулер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ал талаптарды қайта бұзған кәсіпкерлерге заң аясында қатаң шаралар қолданылмақ. Жалпы, санитарлық талаптарды сақтау, әрбір мекеменің міндеті дейді жауаптылар.

Нұргүл Жолымбетова