Шымкентте цемент таситын жүк көлігі апатқа ұшырады

409

Шымкентте цемент таситын жүк көлігі апатқа ұшырады. Оқиға Рысқұлов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған. Бағдаршамға жақын жерде Камаздвң тежегіші істен шыққан көрінеді. Тек жүргізушінің тәжірибелілігінің арқасында цемент тиелген жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.

Әйтпегенде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған автокөліктерді соғып кетуі де ықтимал болатын. Оқиғадан зардеп шеккен ешкім жоқ. Тіпті, сол төңіректегі бағаналарға да залал келмеген.

Тек Камаздың айтарлықтай материалдық шығынға ұшырағаны болмаса. Жүргізушісі медициналық тексеруден өтті.