Шымкентте Қазақ романсының халықаралық конкурсы басталды

251
Қазақ ромасының гала концерті ертең

 

Қазақ ромасының гала концерті ертең

Шымкентте Қазақ романсы халықаралық конкурсы басталды. Опера және балет театрына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден жиналған 60-қа жуық романс орындаушылары өз өнерлерін сынға салуда.

Биыл халықаралық өнер сайысы 15-ші рет ұйымдастырылып отыр. Әділқазылар алқасына жылдағыдай, Ресейдің халық әртісі Галина Преображенская төрағалық етеді. Ал осыған дейін бірнеше жыл қатарынан конкурсқа қатысуға келіп жүрген белгілі орындаушылар биыл әділқазы ретінде әріптестерінің өнерін таразылайды.

Игорь Воронцов, Қырғызстанның еңбегі сіңген әртісі: «Бұл менің осындай халықаралық дәрежедегі алғашқы төрелік жасауым. Әрине, әлі де болса сахнаға жүгіріп шығып, бар даусымменн ән салғым келіп кетеді. Гала-концертте сондай мүмкіндік болар деп үміттенемін. Ал жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Біз өз тарапымыздан әділ төрелік жасауға тырысамыз».

Романс байқауына Қызыордадан келген Қайрат Сапарбаев сахнаға шығуға мұқият дайындалып жатыр. Саз колледжінің 4-ші курс студенті өз ұстаздарының сенімін ақтаймын деп отыр.

Жыл сайын күзде өтетін бірегей сайыс екі күнге жалғасады. Ал бейсенбі күні гала-концерт өтеді деп жоспарлануда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zQAjDSI6mrM[/youtube]