Күзгі романс әуелеген сәт

Шымкентке күзгі романс әуелейтін сәттердің кезі қайта келді. Қаламызда дәстүрлі 14-ші «Қазақ романсы-2011» халықаралық байқауы шымылдығын түрді. Өнер бәйгесіне көрші Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен және өзге облыстардан үміткерлер қатысты.

Аббас Рахматуллаев романсиада байқауына биыл алғаш рет қатысып отыр. Сахнаға шығар алдын дайындықты пысықтаған артық болмайды дейді орындаушының ұстазы. Көрші Өзбекстандықтар үшін елімізде жылда өтетін өнер бәйгесінің орны жоғары. Сондықтан үміткерлерді көптеп қатыстыруға тырысады. Биыл аталған елден 17 романстық шығарманы орындаушы келіп қатысыпты.

Романсиада байқауын облыстық мәдениет басқармасы, Славян ұлттық мәдени орталығы және «Южный Казахстан» газеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Соңғы жылдары қазақ романсына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қатысушыларға қос тілде романстық шығарма орындау шарты қойылды. Биыл 51 өнерпаз бағын сынды. Үмітін үкілеп келген үміткерлердің деңгейін әдеттегідей Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Галина Преображенская бастаған білікті қазылар алқасы бағалады.
Романсиада гала-концертінен 1-2 сағат бұрын қатысушылар әкімдікте бас қосты. Облыс басшысы мәдени іс-шаралардың маңызын айта келе, 2012 жылы байқауға облыс бюджетінен бөлінетін қаржы көбейеді деп өнерпаздарды қуантып қойды. 14 Ромасиаданың биылғы ерекшелігінің бірі- Ресейліктер тарапынан жасалынған арнайы сый болды. РФ-ның консулы Ирина Пререверзева жаңа номинация тағайындады.
14-ші Романсиаданың үздік орындаушыларының есімдері белгілі болды. 16 романс шебері үздік деп танылды. Сайыстың гран-приі Ташкенттік Аббос Рахматуллаевтың қоржынына енді. «Казақ романсы»номинациясын жерлесіміз Алексей Скибин жеңіп алды. Ал опера және балет театрында өткен гала концертте Мәскеуде өтетін Қазақ романстарына баратын өкілдің есімі анықталды

РФ-ның консулы Ирина Пререверзева
» Ромасиаданың ең жас қатысушысына арнайы сыйлығымыз бар. Ендігі жылдары бұл сыйлықтың маңызы арта береді деп ойлаймыз. Жастардың арасында романстарға деген махабатын арттырмақпыз»
РФ-ның еңбек сіңірген әртісі Юрий Веденеев
Қатысушылар шеберлігінің аздығынан, шығарма бейнесіне енуі, орындаушылықтағы сезім басым болып отыр.

Аббас Рахматтуллаев, үміткер
Байқауға алғаш рет келіп отырмын. Көрерменге ұнайды деген репертуар таңдап алдым.

Юрий Кирюхин, ұйымдастырушы.
Бұрын еліміздің солтүстік өңірлерінен қатысушылар келмейтін. Биыл олар да бағын сынауға тәуекел етіпті. Міне осылайша байқаудың аясы кеңейіп келе жатыр. Үміткерлердің саны көбейген сайын талап та күшейетіні сөзсіз. Бұл дегеніңіз конкурстың деңгейінің жоғарылай түсетінін білдіреді.