Шымкентте 15-ші халықаралық «қазақ романсиадасы» жеңімпаздарын анықтады

Бір айта кетерлігі, биыл да бас жүлдеге ешкім лайық деп танылмады
Астаналық Талғат Ғалиев, Евгений Чайников және Алматылық өнерпаз Балуан Берекенов

Қаламызда 15-ші халықаралық «қазақ романсиадасы» өз мәресіне жетті. Өз өңірімізбен облыстың және 5 елдің 61 үміткері сынға түскен өнер бәйгесінде қазақ және орыс романстары бойынша бірінші орынды Астаналық Талғат Ғалиев, Евгений Чайников және Алматылық өнерпаз Балуан Берекенов өзара бөлісті.

Ал жүлделі екінші орынды қазақ романсы бойынша Қырғызстандық Құндыз Қарыппаева, Алматылық Жұмабек Қаңтарбаев, орыс романсы бойынша Тәжікстандық Фахриддин Фазлиев, Өзбекстандық Наталья Сараева және Шымкенттік Айгүл Азатова еншіледі. Ал үшінші орынды қазақ романсынан Павлодарлық Олеся Скорикова, Астаналық Гүлжан Аримжа, орыс романсынан Өзбекстандық Нұрбек Авлияқұлов пен Умид Исраилов және Астаналық Жанғали Әбішев қанағат тұтты.

Биыл да бас жүлдеге ешкім лайық деп танылмады. Қазылар алқасының төрайымы Галина Преображенскаяның айтуынша бұл Қазақстаннан Мәскеуде өтетін халықаралық романсиадға ешкім бармайды деген емес. Кімнің ел намысын қорғайтынын ол құпия күйінде қалдырды.