Балалар романс орындаудан сынға түсті

Үміткерлер екі тілде шығарма орындады
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жіті қадағалады

Шымкентте алғаш рет балалар арасында ерекше байқау өткізілді. Бұл жолғы романс орындаушылар ересектер емес, мектеп жасындағы оқушылар. Қазақ романсы сынына қатысушылардың дені арнайы музыкалық білім алатын балалар мен жалпы орта мектептің шәкірттері.

Үміткерлер екі тілде шығарма орындады

Облысымыздың барлық өңірінен қатысқан қатысушылардың саны 23. Олар 9-11 және  12-14 жас айырмашылықтары бойынша бақтарын сынады. Романс орындаушыларға  қойылған алғашқы талаптың бірі, екі шығарманы орындау болды. Романс орындаушылар қазақ тілінде бір туындыны ұсынса, екінші шығарманы таңдауға ерік берілді.

Байқауда ата-аналар ұл-қыздарына қолдау танытты

Облыс деңгейінде өткізілген шараның ұйымдастырылуына облыстық білім басқармасы мен славян мәдени орталығы ұйытқы болуда. Мақсат, жас бүлдіршіндер арасынан талантты романс орындашыларды анықтау. Жеңімпаздарды орыс жоғары және орыс қазақ тобы деп, үш орын бойынша марапаттады. Ал жүлдегерлер республикалық қазақ романс орындаушыларының сынына жолдама алды.