Интеллектуалды ойын отбасындағы кикілжіңді шешеді

Мектеп оқушылары интеллектуалды токшоуға қатысты
Мектеп оқушылары интеллектуалды токшоуға қатысты

Әрбір басқан қадамыңа қуанып, жетістігіңе тілектес, қайғыңа қабырғасы қайысатын асыл ананың перзентінің жанында болуы жазылмаған заңдылық. Мұны жете түсінетін оқушылар да арнайы бейнежазба түсіруде біраз еңбектенпті. Олар білім ошағындағы оқушылар арасында отбасына қатысты сауалнама жүргізіп, көптеген  сұрақтардың жауабына қанықты.

«Бәйтерек» зияткерлік мектебінде күн сайын түрлі тақырыпта танымдық сабақтар мен ойындар, байқаулар, токшоулар өтіп тұрады. Ал бүгінгі сабақтың орны ерекше.  Өйткені оқушылар күнде талқыға сала бермейтін, өзара пікірлесіп, ашылып сырын ақтара бермейтін ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі. Осындай тақырыпты қаузаған білім ошағы ана мен бала арасындағы қарым қатынысты шешу, баланы тәрбиелеудегі жетістік турасында иннтеллектуалды шоу өткізуді қолға алды. Оған мұрындық болған оқушылардың өзі екен.

Ата-аналар мен ұстаздар берілген тапсырмаларды орындады

«Менің ойымша, қандай жағдай болмасын оны асықпай, аптықпай, ұрыспай шешуге болады. Ол үшін әрбір бала әке-шешесімен ашық сөйлесу керек. Бала өз ойындағысын бұқпай айтып, әке-шешелері перзенттеріне бірден ұрса жөнелмей, әңгімесін соңына дейін тыңдау қажет. Бастысы, жеткіншектер өтірік айтпауы тиіс және біз оларға сенуіз керек, өйткені олар біздің ең жақын адамымыз және бізге олардын артық жаны ашитын адам жоқ»,- дейді 9-сыныптың оқушысы, ойынға қатысушы Тахмина Хусенова.

«Мектеп және отбасы» тақырыбындағы  токшоуға ата -аналар мен ұстаздар және оқушылардан тұратын үш топ қатысты. Олар өзара үштік арасында туындайтын мәселелерді берілген тапсырмалар арқылы шешуге тырысты.

«Осы мәселені көтергенімізде көптеген ата-аналар бірден қатысуға келісті. Олар әрқашан балаларына қолұшын созуға дайын екендіктерін байқатты. Біз осындай іс-шаралар арқылы оқушылар мен әке-шеше арасындағы кейбір мәселелерді шеше аламыз деп ойлаймын. Әрине сабақ кезінде мұғалімдердің ықпалы күшті болғанымен, бала мен ананың, әкесің арасында түсініспеушілік болмауы да көп әсер етеді,»- дейді мектеп директорының орынбасары Ирина Валюсикова.

Ал оқушылар арасында туындайтын мәселелерді ұстаздар қауымы олардың өздерімен бірге шешкенді жөн көрді. Мұның жағдайды ушықтырмауда көмегі көп дейді олар. Сондықтан мұндай сабақтарды жиі өткізіп тұруды қолға алмақ.