Бір жылда 6 мектеп салынған

Арыс ауылдық әкімі У.Қайназаров және мәслихат хатшысы К.Орашев мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымын жаңа ғимаратпен құттықтай отырып, балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына тілектерін білдірді

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында салынған 80 нысанның қатарына Сайрам ауданындағы бірнеше білім мекемелері де кіргізілді. Мәселен, Манкент ауыл округіндегі 900 орынды «1 Май» атындағы мектеп, Қызылсу елді мекеніндегі 300 орынды Сайрам атындағы №36 мектеп, Ақбұлақ ауыл округіне қарасты Шапырашты ауылындағы 300 орынды С.Бекбосынов атындағы №39, Өтеміс ауылындағы 300 орынды №38 Абай атындағы мектеп, Ақсукент ауылындағы 200 орынды Г.Титов атындағы №61 жалпы орта мектептер осы бас-тама аясында пайдалануға тапсырылған.

Арыс ауылдық әкімі У.Қайназаров және мәслихат хатшысы К.Орашев мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымын жаңа ғимаратпен құттықтай отырып, балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына тілектерін білдірді
Арыс ауылдық әкімі У.Қайназаров және мәслихат хатшысы К.Орашев мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымын жаңа ғимаратпен құттықтай отырып, балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына тілектерін білдірді

2012 жылы білім беру саласы бойынша 11 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған болса, оның 10-ы мектеп, 1-еуі мемлекеттік балабақша болатын. Өткен жылы сол жоспардағы 10 мектептің 6-ы ашылған. 4 мектептің құрылысы 2013 жылы бітуі тиіс. Республикалық бюджет есебінен 5 мектеп пен 1 балабақшаның құрылыстары жүргізіліпті. Облыстық бюджеттен 2, аудандық бюджеттен 3 мектеп құрылысына қаржы қаралған.

Өткен желтоқсан айында ауданда қосымша тағы бір мектеп іске қосылыпты. Ол Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған елді мекеніндегі 600 орындық №89 Қайнарбұлақ жалпы орта мектебі. Аудан әкімі У.Қайназаров және мәслихат хатшысы К.Орашев мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымын жаңа ғимаратпен құттықтай отырып, балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына тілектерін білдірді. Білім ұясының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын, оған 635,537 млн. теңге көлемінде қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Югстройсервис-Н» ЖШС-нің директоры Д.Бекенов құрылыс жұмысын тыңғылықты жүргізген.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ