ОҚО қала маңындағы пойыздарға баға тұрақты

391
Теміржол билеттері ел бойынша қымбаттады
Теміржол билеттері ел бойынша қымбаттады
Теміржол билеттері ел бойынша қымбаттады

7-ші қаңтардан бастап Қазақстанда теміржол билетінің бағасы тағы қымбаттады. Жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф 12 пайызға өсіп кетті. «Жолаушылар тасымалы » АҚ басшылығы билеттердің қымбаттауына дизель, қатты отын мен су бағасының шарықтауы себеп болды деп мәлімдеді. Теміржол билеттерінің қымбаттағанын Құрбанкүл Назарова вокзалға келгенде бір-ақ білді. Дегенмен, Түркіменстаннан Қазақстанға сапарлатқан қонақ бұған аса таңқалған жоқ. Жылда қайталанып тұратын қалтаны қағатын үрдіс дейді.

Курбанкул Назарова, жолаушы: «Ташкентке жетуім керек. Новосибриск -Ташкент бағытындағы 369 пойызға билеттті 5 806 теңге сатып алдым. Бұл комиссиясыз. Кассадағылар билет 12 пайызға өсті дейді. Үйрендік қой. Қандай баға болса да жолда қалмаймын ғой. Өзім Түркменстанда тұрамын».

Жолаушыларды тасымалдауға арналған теміржол тарифі бірден 12 пайызға өсті. Сұранысқа ие бағыттардың бірі – Мәскеуге бару үшін плацкарт вагонына 26 200 теңгені құрады. Бұрын баға 22 мың теғге болатын. Ал купе билеті 42 жарым мың теңге , бұрын бұған қарағанда 2 мыңға арзан болатын.

Қуат Сатыбалдиев, Шымкент ст. вокзалы бастығының  кезекші көмекшісі:  Отырар пойызына плацкарт вагондарға билет  2 300 теңгеге өсті, бұрын 2160 тенге еді. Купе-3 476 теңге болып қымбаттаса ,  7-ші қаңтарға дейін  билет 3160 теңге болатын».

Ал Астанаға плацкарт бұрын 3700 болса, қымбаттағаннан кейін 4600ға бірақ көтерілді. Ал купе үшін енді 6 400 тенге төлейсіз. Қызылордалық Замира Топжанова  пойыздың қызметіне жылына бір рет жүгінеді.
Біреудің қалтасы көтереді біреудікі көтермейді деп ашынады.

Замира Топжанова, жолаушы: «Қонаққа келген едім. Билеттің   қымбаттағанын  ақпарат көздерінен білдім.Өзім жұмыс істеймін. Сондықтан билет сатып алуға шамам келеді. Алайда көп балалы, студенттері бар отбасылары қиналатыны сөзсіз. Қызмет көрсету сапасы өзгерген жоқ. Осы тұсқа көп көңіл бөлінсе екен».

Билеттердің құны қалай қымбаттаса, поездардағы қызмет көрсету сапасы соғұрлым жақсарса екен дейді жолаушылар жағы. «Жолаушылар тасымалы » АҚ-да солай болады деп сендіріп отыр.

Шымкенттен  пойызбен САрыағаш, Түркістанға сапарға шықпақ жолаушыларға жағымды жаңалығымыз бар.

Эльвира Аманбаева, Шымкент ст. вокзалы бастығының кезекші көмекшісі : «Бұл бағыттардағы пойыздарға билет қымбаттамайды. Мәселен,  Шымкент -Түркістан бағытындағы пойыздағы плацкарт вагондарға билет 286 теңге, Шымкент -Сарыағашқа жолкіре құны – 311 теңге, Арысқа 130 теңге.

Түркістанға пойыздар  жұма,сенбі және жексенбі күндері  сағат 17 -40-та /Астана уақытымен/ аттанады.

Ал Сарыағашқа пойыз сағат 18 -18-де дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=b9vb2cx83b4[/youtube]