Сырттай білім алғандар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

449
фото Ашық дереккөз

 

сырттай оқытудан бас тартса
сырттай оқытудан бас тартса

ОҚО-да қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығын сырттай оқыған азаматтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сырттай білім алғандардың мектепке орналасуына шектеу қоюды тапсырды. Өйткені, аймақта тіл үйрететін мамандар жаппай сырттай оқып, жұмысқа орналысатын болып алған. Ал бұл оқушыларға сапалы білім беруге кедергі келтіруі мүмкін.

Бір ғана Отырар ауданында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің 66 пайызы сырттай оқығандар. Ал Бәйдібекте 62, Кентауда 48 пайыз ұстаз білімді сырттай алған. Оның үстіне олардың 90 пайызы жекеменшік оқу орындарын бітірген.

«Әр түрлі жолдарын тауып, білім министрлігі тарапынан шешім шыққанға дейін мынаны біз шұғыл түрде тоқтатуымыз керек. Тоқтату керек мынаны», -деді облыс әкімі Асқар Мыразахметов.

Бұл мәселе тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балхия Көмекбаеваның есеп беру жинында көтерілді. Өйткені, сала басшысы тіл үйретуде мұғалімдердің біліктілігі басты рөл атқарады деп есептейді.

«Медицина саласында сырттай оқуға тыйым салынған, ол адамның өміріне қауіп қатер келетін болғандықтан. Ал білім саласының одан да жауапкершілігі мол. Бұл бүкіл ұрпаққа қауіп қатер келтіретін нәрсе деп мен өзім түсінемін», —деп атап өтті Б.Көмекбаева.