Тарифтың өсуіне депутаттар наразы

308
Депутаттар тарифтың көтерілгеніне қарсы
Депутаттар тарифтың көтерілгеніне қарсы
Депутаттар тарифтың көтерілгеніне қарсы

Қаңтар айымен қатарласып, облыста коммуналдық қызмет түрлері түгел қымбаттады. Қызмет көрсету мекемелері ақыларын 4-10 пайыз аралығында өсіріп отыр. Монополист мекемелер бұл мәжбүрліктен деп отыр. Ауыз судың, жылу құбырлары мен кәріз жүйелерінің тозығы жеткен. Ал «Нұр Отан»» ХДП Шымкент қалалық филиалының басшысы, ОҚО мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдехановтың пікірінше тариф заңдылығы халыққа емес, монополис компаниялардың пайдасына жұмыс істеп жатқан көрінеді. Екі жақты қызу пікір ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша департаментінде талқыланды. Дегенмен бір белгілісі бағаның түспейтіні анық.

Тарифтік саясатты алға тартып монополистер коммуналдық қызмет құнын ешбір қымсынбастан жыл сайын қымбаттады. Айтатындары «кәріз жүйелері-көне, құбырлардың тозығы жеткен». Сапаны сылтауратып халықтың қалтасын қағуға әбден дағдыланып алған. Монополистер халыққа емес, халық оларға қызмет етіп жатыр. Халық қалаулыларының қынжылы осыған саяды.

Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Біздің ойымызша бұл көтеру халықтың қалтасына ауыр тиеді. Бізде бұған дейін де тарифтер көтерілген. Тариф көтерілгенімен халыққа көрсетіп жатқан қызметтің жақсарғанын көрген емеспіз.  Біз депутаттар бұған қарсымыз. Бұл мәселелердің барлығы халыққа ауыр тигелі отыр. Бізде суды қымбаттатындай жағдай жоқ, мен солай ойлаймын. Жылудың да мәселесі бұған дейін шешілген болатын. Әр күн өткен сайын құйтырқы мәселелерді монопоистер шығарып келе жатыр. Барлығын есептеп келетін болсақ, тура келмейді. Сондықтан оған қарсымыз».

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і  электр энергиясын тасымалдау қызметін 3,16 теңгеден 4,25 теңгеге көтерді. Ал 1 текше метр су үшін 61,58 теңге төлейсіз. Бұл бұрыңғыдан 27 пайызға жоғары. Канализация қызметі үшін орта есеппен 1 текше метр су 29,57 теңге болып бекітілді. Тарифтік саясаттың ырғағымен осылайша қызмет түрлері қымбаттай береді. Ал газдың жайы басқаша. Себебі, еліміз газды Өзбекстаннан тасымалдайды. Тасымалдау бағасы да шарықтап тұр.

Полат Оңласбектің мамандығы құрлысшы. Қазір жұмыссыз. Қыстың көзі қырауда бұл қызметке сұраныс та бола бермейді.

Ұласбек Полатов: «Жұртқа ауыр тиеді. Біреуінде жұмыс бар, енді бірінде жоқ. Аз зейнеткақымен кұн көретіндерге обал болды. Өзіме де ауыр тиді».

Бізде бәрі керісінше. Компаниялар халыққа емес, халық оларға жұмыс істейді, ал тариф әбден құзырлы құжатта қатталып болғаннан кейін ғана талқылауға түседі. Сондықтан халық та, халық қалаулылары да қымбатшылықтың алдын алуға қауқарсыз күйде қалып қоя береді. Тарифтік саясат дегеніміз осы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hPjiKnnWPS4[/youtube]