Жыл жеміссіз емес

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген Арыс қаласындағы алтын ұя аудандағы мектептер арасында үздіктер сапында
Роза Кәдірберді,директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Роза Кәдірберді,
директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген Арыс қаласындағы алтын ұя аудандағы мектептер арасында үздіктер сапында. Ойшыл мәдениетті, жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктері мол ұрпақ тәрбиелеуді мұрат тұтқан ұстаздар қауымы оқушыға тиянақты білім мен тәлімді тәрбие беріп келеді. Мектепте 10 пән бірлестігі құрылып, барлық пән бірлестігінің жылдық жоспары жасалынып, бекітілген.

Жоспар бойынша І жарты-жылдықтықта шет тілі, математика, орыс тілі мен әдебиет, география, химия, биология пән бірлестіктерінің апталықтары өткізілді. Іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп ұстаздарының бiлiмпаздығының, ұйымдастырушылық шеберлiгi мен аянбай төккен тердiң арқасында шәкірттеріміз айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Бұл орайда мектептің директоры Раушан Әбуқайымованың еңбегі елеулі екенін атап өткен жөн. Білікті басшы болған жерде табыста толағай болатыны анық.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген Арыс қаласындағы алтын ұя аудандағы мектептер арасында үздіктер сапында
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген Арыс қаласындағы алтын ұя аудандағы мектептер арасында үздіктер сапында

Айталық халықаралық «Bzitisn Bulldog»байқауына 13 оқушы қатысып, 6-сынып оқушысы Жайна Жұмақасым ІІІ-орын жеңіп алды. Ал «Кенгуру – математика» сайысында 27 оқушы бақ сынаса, 7-сынып оқушысы Гүлнұр Жұманәлі І-орын иеленіп, мектебіміздің мерейін асырды. Ал республикалық «Ақбота» байқауына қатысқан 29 оқушының ішінен 10-сынып оқушысы Айназ Батырбек суырылып үздік шықты. Облыстық пән олимпиадасына қатысып, білімдерін дәлелдеген 6 оқушының ішінен Айнұр Әбдуәлі құқық пәнінен ІІ-орын алып, республикалық сайыста арнайы сертификат иеленді. Сондай-ақ білім жағынан ғана емес, өнерімен де топ алдына тайсалмай шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүрген шәкірттеріміз жетерлік.

Мысалы, облыстық күйшілер байқауынан бас жүлде алған 8-сынып оқушысы Маржан Дәрібаева республикалық байқаудан құр қол қайтпады. ІІІ-орынды жеңіп алып бізді бір қуантып тастады. Облыстық «Махамбет оқуларына» қатысқан Фариза Жандар ІІ-орын, ал Талғат Есжан мақтау қағазымен марапатталды. «Мектептiң бағасы еңбек жемiсiнен, яғни, шәкiрттерден көрiнедi» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай аудандық, облыстық түрлі байқаулардан шәкірттеріміз жүлделі орын алып, үміттерімізді ақтауда. Ұстаздық атты ұлы қызметті таңдап алғандар да шәкірттерді білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп қана қоймай өздері де тынымсыз еңбектерімен үлгі болып келеді. Аудандық мұғалімдер арасында әр пән бойынша өткізілген «Білімді де білікті ұстаз» байқауында информатика пәнінің мұғалімі Зәуре Бәкірова ІІ-орын алды. Ал Ұлжан Жиенбекова (орыс тілі мен әдебиеті) мен Серік Керімбеков (шет тілі) арнайы Алғыс хат иеленді.

«Тіл дарын» байқауында бақ сынаған шет тілі пәнінің мұғалімі Зинель Қарабаева «Шығарма шебері» номинациясының иегері атанды. Облыстық ғылыми конференцияға қатысқан Зәуре Сағындықова, Гүлзия Сүттібаева, Мәдина Ескермесова сынды ұстаздарымыздың еңбектері баспасөз беттерінде жарық көрді. Бибігүл Алпысбаева қалалық білім бөлімінің Құрмет дипломымен, ал Шолпан Перманова облыстық білім бөлімінің Құрмет дип-ломымен марапатталды. Тізе берсек, шәкірттеріміз бен ұстаздарымыздың табыстары толағай. Жыл жемісті болды. Алдағы уақытта да саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында тер төгіп жүрген мұғалімдердің еңбектері еленіп, биік белестерді бағындыра берсе екен.

Роза Кәдірберді, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары