Шымкентте де «пробиркадан» бала шыға бастады

Осыдан соң тағы 21 әйелге қызмет көрсетіп, 8 әйелдің жүктілігі анықталды
Осыдан соң тағы 21 әйелге қызмет көрсетіп, 8 әйелдің жүктілігі анықталды
Осыдан соң тағы 21 әйелге қызмет көрсетіп, 8 әйелдің жүктілігі анықталды

Облыстық клиникалық аурухананың базасында былтыр жасанды жолмен экстрокорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) орталығы ашылған еді. Жылдар бойы шарана иісін аңсап жүрген ерлі-зайыптылар үшін бұл үлкен қуаныш болатын. Тәжірибе негізінде  12 әйелдің жатырына жасанды жолмен ұрық енгізіліп, оның 4-еуі аман-есен босанған еді. Осыдан соң тағы 21 әйелге қызмет көрсетіп, 8 әйелдің жүктілігі анықталды. Кешегі аптада оның алғашқысы ұл босанды. Дәрігерлер бұл өте жақсы көрсеткіш екендігін айтады. Биылдан бастап орталықтың қызметіне донор әкелердің банкі, суррогат аналар қызметі де қосылады деген жоспар бар. Жасанды жолмен ұрықтандыру қызметінің құны 500 мың теңге. Мемлекеттік квота арқылы да әдісті рәсімдеуге болады. Барлық анықтаманы облыстық ауруханадан алуға болады.