Úı ANONS 25 бала суға батып, қайтыс болған

25 бала суға батып, қайтыс болған

Түркістан облысында былтыр 25 бала суға батып қайтыс болған. Биыл қайғылы жағдайдың алдын алу үшін өңірде 53 арнайы шомылу орны ашылды. Құтқарушылар ата-аналарға ескерту жасап, балаларды қараусыз қалдырғандарға қомақты айыппұл салынатынын айтты. Су айдындарындағы қауіпсіздік қалай күшейтілмек?

 

Биыл Түркістан облысында арнайы 53 шомылу орны жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 орынға артық.  Онда құтқару бекеттері, медициналық пунктер және қоғамдық қауіпсіздік бекеттері жұмыс істейді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

 

Дәурен Жүсіповтің сөзінше,  шомылу аймақтарында баласын қараусыз қалдырған ата-аналар әкімшілік  жауапқа тартылады.  Нақтырақ айтқанда, 105 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Мысалы, 2025 жылы 150-ден аса ата-анаға айыппұл салынған.

 

Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы аймақта 55 адам суға батып, қайтыс болған. Олардың 25-і – бала. Ал шомылу маусымында 27 адам мерт болған. 13 бала қараусыз қалып, суға батып кеткен.

Дилара Иса