Камаз тіркемесі аударылды

455
Аударылған көлік
Аударылған көлік

Шымкент маңындағы Пахтакор 1 елдімекенінде КАМАЗ автокөлігі апатқа ұшырады. Жібек Жолы көшесі бойында қара темір тиелген камаздың тіркемесі аударылып кетті. Әбуиір болғанда тіркеме жолдың бойына құлаған. Зардап шеккендер жоқ.

Бір қызығы КАМАЗ иесі тіркемені тастап, оқиға орнынан кетіп қалыпты. Қазір бұл істі жол полицейлері тексеріп жатыр.

Нәзірхан Ташқұнжаев, «Мирас» шағынауданының тұрғыны: «Түнгі 11-лерде солқ ете қалған дыбыс еттік, терезеден қарасам, Камаздың  прицепі аударылыпты. Жүргізушісі кран тоқтатып, тіркемесін орнына қоймақ болып еді, одан түк шықпады. Қазір ол қозғалысқа кері әсерін тигізуде».