Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен айыпталған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Н. 20.09.2025 жылы сағат 01.30 шамасында Кентау қалалық әкімдігіне тиесілі «Kia Rio» маркалы автокөлікті «Жібек жолы-Жетісай» тас жолында Шымкент қаласы бағытына қарай басқарып бара жатып, жол жүрісі қағидасын бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Нәтижесінде «Kia Rio» автокөлігінің жүргізушісі Н., «Toyota Camry» автокөлігінің екі жолаушысы оқиға болған жерде қайтыс болып, жүргізушінің денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келген.
Сот, жол-көлік оқиғасына кінәлі Н.-нің қайтыс болуына байланысты істі қысқарту жөнінде жәбірленушілердің өкілдерінің, прокурордың қорытындысын назарға алды.
ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 11-тармағына және 4-бөлігіне сай, Н. қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.







