Өңірімізде Жас отбасы клубы ашылды. Әділет департаментінің бастауымен ашылып отырған бұл орталықта арнайы мамандар мен психологтар жастарға қызмет етеді. Тәрбиелік мәні бар әртүрлі іс шаралар ұйымдастырып, отбасы институтын нығайтуға атсалыспақ.
Айта өтейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында неке қию бойынша 1644 өтініш келіп түскен. Неке бұзуға 460 өтініш келіп түскен. 460 өтініштің басым бөлігі жастар болғандықтан әділет және денсаулық сақтау басқармасының психологтары бірлесіп, отбасын сақтау мақсатында клуб ашылып отыр.
Әрбір жас отбасының мықты болуы мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан әділет органдары Неке үйінде жастардың некесін тіркеп қана қоймай, олардың болашағына да алаңдатушылық танытып, жас отбасыларға жаңадан құрылған клуб арқылы қолдау көрсетпек.
Зулифа Абдрахманова, психолог: «Егерде жас жұбайлар отбасын құрғаннан кейін, отбасында кездесетін отбасылық жағдайларды көп білетін болса, олар білімді, біліктілікпен келе бастайды. Ал ол біліктіліктерді психологтардан білуге болады. Кеңес алып, кейкілжіңге дайын болса, оны түсіністікпен қабылдаса, шаңырағы шайқалмайды».
Отбасылық өмірлерінің алғашқы қадамына демеу, қолдау болатын мұндай клубтар керек дейді жас жұбайлар. Жас отбасы клубы айына екі рет кездесу ұйымдастырса, күнделікті тегін кеңес беруге дайын.