Журналистерге арналған тренинг өтті

Семинар-тренингке қатысушылар
Семинар-тренингке қатысушылар
Семинар-тренингке қатысушылар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында»Алтын қауырсын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Журналистердің кәсіби біліктілігі және құқықтық қауіпсіздігі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті.

Нәзия Жоямергенқызы қазақ журналистикасындағы басты кемшіліктерді ортаға салды
Нәзия Жоямергенқызы қазақ журналистикасындағы басты кемшіліктерді ортаға салды

Басты мақсат –  журналистердің шеберліктерін шыңдап, жаңа медиа технологияларын қолдануды үйрену. Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова, «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямергенқызы мен ІТ-маманы Нұрлан Жанай семинар-тренингке жиналғандарға құқықтық, журналистік этика жайлы кеңес беріп,  жаңа медиа технологияларымен қалай жұмыс істеу керектігі жайында сөз қозғады.

Семинар-тренингке жергілікті басылымдар мен телеарналардан 20 жуық журналист қатысты.