Айыпталушының орынтағында полиция полковнигі. Әл-Фараби аудандық соты Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасарына қатысты процесті аяқтады. Айта өтейік, ол үстіміздегі жылдың ақпан айында пара алу дерегі бойынша қаржы полицейлерінің қолына түскен болатын.
Айыпталушының орынтағында жоғары шенді полиция қызметкері. Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы бастығының экс орынбасары пара алу дерегі бойынша қылмыстық жазаға тартылған болатын. Ең сорақысы параның мөлшері бар жоғы 200 АҚШ доллары. Тексеру нәтижесі көрсеткендей бұл ақшаны жергілікті кәсіпкердің былығын жабу үшін талап етіпті. Ол кәсіпкер Өзбекстаннан заңсыз жолмен адамдарды әкеліп, еңбекке жығып келген.
Маратәлі Бекназаров, әл-Фараби аудандық сотының төрағасы: «Сот Досымхан Исакуловты кінәлі деп тапты. ҚР қылмыстық кодексінің 311 бабы, 2-бөлімі бойынша сот үкім етіп, айыпталушыны үш жыл бас бостандығынан айырды».
Соттың шешімі бойынша эксполицейдің барлық мүлкі мемлекеттің меншігіне тәркіленетін болды. Сондай-ақ, ол құқыққорғау саласынан 5 жылға шеттетілді.
Үкім оқылып бітісімен, бұрыңғы полковниктің қолына кісен салынды. Енді олар, уақытысында өзі темір торға тоғытқан қылмыскерлердің жанына бармақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Wq-M9cXoJZE[/youtube]