Оңтүстікте көлікті үптейтін ұрылар азаймай отыр

229
Кілті сәйкес келмеген көліктің есігін ұры бұзып ашқан

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері автокөлікке ұрлыққа түскен жас жігітті құрықтады. Шардара ауданының тәртіп сақшылары автокөліктердің бөлшектерін ұрлап келген 21 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындаған. Тергеушілердің мәліметінше, ол көбінесе ВАЗ көліктерін үптеп келген көрінеді.

Күдікті азамат көліктердің терезесін ұрып сындырған
Күдікті азамат көліктердің терезесін ұрып сындырған

Сәуір айының ішінде Шардара аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын шағымданады. Ол өз арызында «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігіне түскен белгісіз біреудің аккумулятор, «JVC» автомагнитафонын ұрлап кеткенін айтқан. Осылайша суық қолды ұры көлік иесіне 20 мың теңге шығын келтіріпті. Ал тағы да бір арызданушының айтуы бойынша, оның «ВАЗ-2107» автокөлігінен аккумулятор, екі автомагнитофон колонкасы және есігінің айнасы ұрланған.

Ұры көбінесе магнитофондар мен аккумуляторларды ұрлағаны анықталды
Ұры көбінесе магнитофондар мен аккумуляторларды ұрлағаны анықталды

Полицейлер, ұрының жалпы саны 10-нан астас көлікке ұрлыққа түскенін анықтады. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 150 мың теңгеден асып кетеді. ҰКүдікті өзі ұрлаған заттарды жергілікті базарда арзан бағамен сатып келген.

Кілті сәйкес келмеген көліктің есігін ұры бұзып ашқан
Кілті сәйкес келмеген көліктің есігін ұры бұзып ашқан

Көлік ұрлығы Шымкентте де тыйылмай отыр. Әл Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілдері 37 жастағы егіз тұрғынды құрықтаған. Олар сәуір айының ішінде 5 көліктен автомагнитофон және жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық ақшаны ұрлап кетіпті. Қазір полиция қызметкерлері ұсталған ұрылардың өзге де қылмыстық оқиғаларға қатысын тексеріп жатыр.