Шымкентте тұрғын үйлер өте тығыз орналасқан аудандардың бірінен өрт шықты. Бұл жайындағы суыт хабар өрт сөндірушілерге сағат кешкі 7-лер шамасында түскен. Түркістан көшесінің бойындағы өткелдердің біріндегі үй жанып жатады. Халық тығыз орналасқан жер болғандықтан, алғашқы кеткен көлікке қосымша тағы үш арнайы топ жіберіледі.
Абырой болғанда үйде ешкім болмаған. Иелері жұмыста болыпты. Өрт сөндірушілерге көршілері хабар берген. Олар алты минутта келіп, іске жедел кіріскенімен, шатыр түгел жанып кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gO4pzAaJn1w[/youtube]
Алдын ала болжамға сәйкес, өрттің шығуына шатырдың үстінен тартылған электр сымынан шыққан ұшқын себеп болуы мүмкін. Себебі, үйге жақын жердегі екі бағананың бірдей ұштары жанып жатты. Электр сымдары үзілгендіктен, кез келген сәтте байқамай қалған адамды ток ұруы әбден мүмкін. Оқиға орнына көп болып жиналып қалған адамдарды учаскелік инспекторлар ары қарай алып кетті.
Өрт сөндірушілердің жедел қимылдарының нәтижесіде өрт көрші үйлерге өткен жоқ. Осы орайда мамандар қымбат саналатын жабынқыштың (черепица) тез тұтанатынын айтып қалды. Қазір өрттің нақты неден шыққанын анықтаушылар тексеріп жатыр.