Шымкент әкімдігі қайырымдылық шарасын өткізді

Шаһар басшылығы бұл күні орталыққа теледидар да тарту етті
Шаһар басшылығы бұл күні орталыққа теледидар да тарту етті
Шаһар басшылығы бұл күні орталыққа теледидар да тарту етті

Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды №17 «Достық» арнаулы бөбекжайының тәрбиеленушілеріне нағыз мереке ұйымдастырды. Мұнда сал ауруымен науқастанатын 45 бала тәрбиеленеді. Рамазан айының құрметіне шаһар басшылығы балғындарға арнайы сыйлықтар тарту етті.

Дархан Сатыбалды балаларға құр алақан келген жоқ. Балабақшаның әрбір тәрбиеленушісіне ойыншықтар сыйлады. Сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер де шаһар басшысының көңілін аулады.

Арнайы орталықта 45 бала тәрбиеленеді. Олардың әрбірімен логопедтер мен психологтар, дәрігер ортопедтер жекелей жұмыс жасайды. Бөбекжай жетекшілігінің айтуынша, жұмыстың нәтижесі алғашқы 3 айда ақ көрінеді екен.

Қалдыгүл Шылмұрзаева, №17 коррекциялық орталықтың меңгерушісі: «Өте ауыр болып келген, тіпті, отыра алмайтын болып келген балалар қазір қолмен ұстап, кішкене жетектек жүруге жарап жатыр».

Шымкентте сал ауруымен ауыратын 150-ден аса бала бар. Олардың 50-уі бүгінде коррекциялық орталық кезегінде тұр. Онан бөлек, №17 бөбекжайдың да ғимараты тозған. 45 баладан артығын қабылдамайды. Сондықтан да жаңа нысанның қажеттілігін қала әкімі де нақтылады.

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Келешекте мен ойлаймын. Мұндай балаларға бірақ көңіл бөлініп, бір күндік жұмыс емес, 2013-2014-те жобаға қойып, осындай балабақшалардың құрылысын жобалап, ары қарай соғу керек».

Қала басшысы бүлдіршіндерге тағы да келуге уәде берді. Енді №17 коррекциялық орталық шаһар әкімдігінің ерекше бақылауында болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_T7xj_khBbY[/youtube]