4 баланың анасы көмек сұрайды

487
Әсемай...
Әсемай...
Әсемай…

Құрметті Отандастарым! Мұны көмек сұраған жан айқайым деп біліңіздер…

Мен Ұлтарбаева Ұлбосын 4 баланың анасымын. 8 жасқа толған 3-перзентім, қызым Әсемайды 2,5 жасында ойнап жүрген жерінде қошқар сүзіп кетті. Бір жақ аяқ қолы істемей, сөйлеуден де қалған қызым сал ауруына (балалардың церебралды сал ауруы) шалдықты. Сол 2007 жылы отбасымызға үйірілген қара бұлт кетпей қойды. Қызымның жазылып кетуі үшін 4 рет операцияға да бердік. Миын да ашты. Нәтиже жоқ.

Ем іздеп Астанадағы «ана мен бала» орталығына да барып қайттық. Беті бері қарар емес. Оның болашағын ойлап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан да қалдым. Ендігі үмітім Қытайға барып емделсу.

Қытай дәрігерлері 2-3 ай ем керек дейді. Ол үшін шамамен 10 мың АҚШ доллоры қажет екен. Мүмкін болса, жылулықтарыңызға мұқтажбын.

Отбасымда күйеуім-ақ жұмыс істейді. Базарда жалданып жүк түсіреді. Оның да жұмысы бірде бар, бірде жоқ. Ал мен үнемі қызыммен отырамын. Жалданып кепе үйде тұрамыз.  

Жеке шотым: Халық банкі № КZ506014703000021787

                     Утарбаева Улбосын Танабековна   тел.: 8 778 284 77 41