Шымкенттің патрульдік полицейлері қыз зорлау қылмысын болдырмай тастады. Тәртіп сақшылары екі бойжеткенге күш қолданбақ болған күдіктіні құрықтап отыр.
Бұл келеңсіз жағдай түнгі сағат 11 шамасында Қайтпас-2 шағынауданы маңында болған. 102 кезекші бөліміне хабарласқан бойжеткен жанұшырып көмек сұрайды. Айтуынша, 2-3 жігіт өзін зорламақ болыпты. Жедел басқару орталының операторы оқиға орнына тездетіп жақын маңда кезекшілікте жүрген патрульдік полиция взводын аттандырады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wmLc6pvzQ2E[/youtube]
Тәртіп сақшыларының анықтағаны — екі қыз бен 3 жігіт осы кеште танысыпты. Көңіл көтеру орталығында түнге дейін отырып, барлығы сыртқа шыққан сәтте жігіттер қыздарды көлікке отырғызып, осы маңға әкелген. Сосын күш қолданып, зорламақ болыпты. Жәбірленушінің бірі осылай дейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1KHD0EoEH5g[/youtube]
Ал ұсталған жігіттің айтары мүлде басқаша. Ол өзіне жала жабылғанына сенімді. Суға шомылатын орында таныстықты атап өткен соң 2 қыз бен 2 жігіт болып, көлікке отырған. Бұл жаққа қыздардың өз келісімен келдік деп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UAVrrRkjd_A[/youtube]
Қалай болғанда да дау-дамайға қатыстылардың барлығын тәртіп сақшылары Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті. Енді мәселенің мән-жайын сондағы тергеушілер анықтайтын болады.