Шымкентте жер сілкінді

375
Шымкентте жер сілкінді
Шымкентте жер сілкінді
Шымкентте жер сілкінді

Оңтүстік Қазақстан облысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Ұлттық мәліметтер орталығы хабарлады.

Жерасты дүмпуі бүгін яғни, 15-тамызда сағат 12.51-де тіркелді. Дүмпудің ошағы Шымкенттің оңтүстік-батысынан 78 шақырым жерден анықталған.
Ал жер сілкінісінің нүктесі 5 шақырым тереңдікте жатыр. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирау дерегі тіркелмеген.
8-тамыз күні Алматы облысы аумағында  магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Алматының солтүстігінен 150 шақырым жерде орналасқан. Ал жер асты дүмпуінің нүктесі бес шақырым тереңдікте болған еді.