Қазығұртта су неге қымбат?

Қазығұрттық жұртшылықтың да ахуалы осыған шамалас. Мұндағы ағайын ауызсуға 80 теңге төлейді. Мұнда су тарифі бірден 70%-ға қымбаттады
Қазығұрттық жұртшылықтың да ахуалы осыған шамалас. Мұндағы ағайын ауызсуға 80 теңге төлейді. Мұнда су тарифі бірден 70%-ға қымбаттады
Қазығұрттық жұртшылықтың да ахуалы осыған шамалас. Мұндағы ағайын ауызсуға 80 теңге төлейді. Мұнда су тарифі бірден 70%-ға қымбаттады

Еліміздің 4 өңірінде қыркүйектен бастап су бағасы қымбаттады. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тариф 50%-ға, кей аймақта тіпті 97%-ға өсіп кеткен.

Бағаның бұлайша шарықтауын, монополияға қарсы агенттік жарық пен суды тазартуға арналған химиялық қоспалар құнының қымбаттауымен байланыстырады. Сондай-ақ, жаңа тариф дифференциалды есептеуге де қатысты. Яғни, бұдан былай тіршілік көзін үнемдей білген адам сәйкесінше бағасын да аз төлеп, үнемдей білмегендер қалтасынан қағылады. Мысалы, ақтөбеліктер судың бір кубометрі үшін 49 теңге төлесе, оның ысырапшыл көршілеріне 85 теңгеге шығындалуға тура келеді. Ал суға ең көп ақы төлейтін Ақтау қаласы екен. Ақтаулықтар тіршілік нәрінің текшеметрі үшін 166 теңге төлейді. Қарағанды облысында да су қымбат. Қарағандылықтар бұрынғы тариф бойынша судың бір текше метріне 57 теңге 92 тиын берсе, қазір 110 теңге 5 тиын төлейді. Кәріздік жүйе қызметінде әр текше метріне 47 теңге төлеген болса, бүгінгі таңда 81 теңге 22 тиыннан санап береді. Қазығұрттық жұртшылықтың да ахуалы осыған шамалас. Мұндағы ағайын ауызсуға 80 теңге төлейді. Мұнда су тарифі бірден 70%-ға қымбаттады. Бұл туралы Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Рустам Ахметов кезекті брифингіде хабарлады. Бұрын жан басына 1000 литр суға 48,13 теңге төлеп келген тұрғындар, енді 81,83 теңгені санап беретіні халықтың шынбайына шын батып отыр. Ал мамандар «суды қымбаттату арқылы сапасын арттырамыз. Өйткені оны өңдеуге химикат көп жұмсалатындықтан су бағасы өсіп отыр» дейді.

Мақпал РЫСБАЕВА

Ал осы кезде…

Қазығұрттық қараша халық судың жоқтығын, қымбаттығын айтып шағымданып жатқанда, Шымкенттің іргесіндегі «Қызылжар» шағынауданының тұрғындары судың сапасыз екенін айтып наразылық білдіруде. Сапасыз су ішіп денсаулығына алаңдаған олардың шыдамы таусылды. Шағынаудан тұрғындары енді шеруге шықпақ. Жергілікті атқа мінерлердің құрғақ уәдесінен шаршаған халық енді өз мұңына Елордадағы ел тізгінін ұстағандардың назарын аудартпақ. Әбдімүтәлі қарияның отбасы Қызылжар ауылына көшіп келгелі құдық суын пайдаланып келеді. Олар 20-25 метр тереңдіктен алынатын судың сапасына күмәнді. Қария су тартып жатып, басы қара ақ құртты байқайды. «Ондай құртты жер бетінен көрген емеспін. Сонда ол осы судың ішінде неге жүр?» деп, таң қалады ол. Қызылжарлықтар осылайша 2-3 жылдан бері суды сатып ішеді. Шелегін 200 теңгеден алады. Халық бүгінде оған да көндіккен. Себебі, тұрғындардың қымбат суға да зар болып қалатын кездері болады. Су сатушы бір күн келсе, екі күн келмей жергілікті жұртты қара суға басмұқтаж қылып қоятын көрінеді. Сала мамандары базынасын айтып шырылдаған тұрғындардың бұл мәселесі алдағы жылы шешіледі деп сендіреді. Шымкент қалалық коммуналдық бөлім басшысының міндетін атқарушы Бахытжан Рысбаевтың сөзіне сенсек, тиісті қаржы бөлінген. Қазір құжаттардың дайындалып жатқанын алға тартқан мамандар тендерді күтіп отыр. Мердігер анықталғаннан кейін жұмыс басталмақ.