Шетелдің тіс дәрігерлері Оңтүстікте бас қосты

530
Ресейлік тіс емдеуге арналған кешен

 Қазақстан, Украина, Ресей және Өзбекстанның үздік тіс дәрігерлері Шымкентте бас қосты. Қалада халықаралық ғылыми кеңес өтті. Айтулы шара аясында осы салаға қатысты әр елдің дамыған технологиялық құрал-қондырғыларынан көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы тіс емдейтін кешендер де таныстырылды. Бұдан бөлек дәрігерлер тісті емдеу жолы мен аурудың алдын алу үшін қажетті тегін кеңестерін айтуды ұмытқан жоқ. Бастама тіс дәрігерлерінің іштен туған қоянжырық және жырық таңдай жандарға хирургиялық отаның жасалуын талдау әрі тәжірибе алмасуы үшін арнайы ұйымдастырылған.

Ресейлік тіс емдеуге арналған кешен
Ресейлік тіс емдеуге арналған кешен

 Жұмағали Исмаилов, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бізде барлық тіс емханалары жаңа технологиямен жабдықталып отыр. Соңғы 4 жыл ішінде бұл салада айтарлықтай өзгеріс орын алды. Бірінші кезекте алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған 63-ке жуық жаңа шетелдік тіс емдеуге арналған қондырғы, 2 жылжымалы кешен сатып алынды. Облыстық балалар ауруханасының жақ сүйегі-бет хирургиясы бөлімшесінде соңғы 3 жыл ішінде 329 уранопластика және хейлопластика оперциялары жасалды.» 

Тәжірибе алмасу конференциясына келген дәрігерлер Оңтүстіктегі осы саланың даму-деңгейін бағамдады. Олар өңіріміздегі жаңа технологияның қабілет-мүмкіндігін толық танып, егер ұнатқан жағдайда өз елдеріне әкетуі тиіс.

Мынадай орынтақта дәрігер науқастың тісін қарайды
Науқастың орындығы

 Хуснутдин Ирсалиев, Ташкент медицина академиясының профессоры: «Көптеген елдерде болдым және бұл сапарымды жалғастыра беремін. Себебі көру керек, білу керек, ең бастысы – үйрену керек. Мәселен, біз Қазақстанмен бірге, қатар дамып келеміз. Әріптестік қарым-қатынасымыз да даму жолында, біріміз білмегенді біріміз айтып, осылай әлемдік деңгейдегі тіс емдеу жолдарын дамытып жүрміз дей аламын. Барлығымыздың бағытымыз бір, жоспарымыз да бір.»

Озат халықаралық тәжірибеден қалыс қалмау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұндай шараларды жиі өткізбек. Мамандардың айтуынша, бүгінде Оңтүстік халқы үшін тіс емдеу көмегін 45 мемлекеттік медициналық ұйым көрсетеді. Оның 4-уі – дербес тіс емдеу емханалары. Айта кетейік, облыста  700-ге тарта тіс дәрігері жұмыс жасап жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wLUTo1xjS1g[/youtube]