14 жасар қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендер ұсталды

381
14 жасар қыз ешкімді көргісі келмейтіні, мектепке барғысы келмейтінін айтады

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Бір топ әйел 50 мың теңгеге 14 жасар қызды саудалаған. Прокурорлық тексеру кезінде әрекеті әшкере болғандар жеткіншекті ұзақ уақыт бойы пәтерде қамап ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келіпті. 

Қазір 14 жастағы оқушы, тіпті, далаға шығуға қорқып қалған. Жеткіншек төрт қабырғаға телміріп, бөлмесінде қамалып отырады. Жалғыз сырласы да, мұңдасы да — қолындағы ойыншығы. Жүйкесіне әсер еткен оқиғаны ұмытар емес.

14 жасар қыз ешкімді көргісі келмейтіні, мектепке барғысы келмейтінін айтады
14 жасар қыз ешкімді көргісі келмейтінін, мектепке барғысы келмейтінін айтады

Жәбірленуші: «Үйден көшеге шығып, такси тоқтаттым, сол көлік мені бір үйдің алдына алып келді. Бір топ әйел мені күтіп алып, жылағаныма қарамай 2-қабаттағы пәтерге кіргізді. Ол жақта қатты ұрды, сатты әркімге, денеме сурет салып, бейнекамераға түсірді, шашымды да түгелімен алып тастады. Қазір солар түсіме де кіре береді, мен олардан қорқамын.»

Ал қыздың анасы сол күні жоғалып кеткен перзентін түні бойы іздегенін айтады. Тал түсте үйден шығып кеткен қызы оралмаған соң, бірден полицейлерге жүгінген. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9KW9Xn2jdKs[/youtube]

Жәбірленушінің анасы: «Полициядан қайыр болмады, күніне кемінде 3 реттен хабарласып тұрдым. Олар қызымды дұрыстап іздеген де жоқ. Өзіміз таптық. Қызымның қазіргі жағдайы ауыр, есі ауысқан сияқты көрінеді, біресе күледі, артынша жылап отырады.»

Қаскөйлер 14 жасар қызды Шымкенттегі Республика даңғылының бойында орналасқан пәтерлердің бірінде 20 күн бойы қамауда ұстаған. Жеткіншекті жезөкшелікке мәжбүрлегендер кезекті клиентін күтіп алуға кеткенде 14 жасар қыз 2-қабаттан секіріп, қашып шығады.

Әбутәліп Мұстафаев
Әбутәліп Мұстафаев жау алыстан келген жоқ дейді

Кейіннен прокурорлар 14 жасар қызды сыртынан құрбысы сатып жібергенін анықтаған. Өзге біреуге ақшалай қарызданып қалған қыздың құрбысы берешегін өрімдей жас қызбен өтемек болыпты.

Әбутәліп Мұстафаев, Абай ауданының прокуроры: «Құрбысы жаңағы жас қызды өзінің досына 50 мың теңге қарызының орнына берген, анығырақ айтсақ, қарызының орнына қызды сатып жіберген. Жалпы, жыл басынан бері біздің ауданда бұл адам сатудың 3-ші фактісы болып тіркеліп отыр.»

Әзірге осы іс бойынша Абай полиция бөлімінің мамандары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктілер тұтқынға алынды. Айта кетейік, Оңтүстікте жыл басынан бері адам саудасы бойынша 27 қылмыс тіркелген.