Күлтөбеге ашық аспан астындағы мұражай салу көзделуде

Күлтөбе Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің сол жағында орналасқан

Түркістан қаласында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар тарихқа қатысты тағы бір тың дерек тапқан секілді. Ол І және ІІ ғасырларда салынған ғибадатхана. Бастапқы қалпын жоғалта қоймаған құнды жәдігердің сәулеттік пішіні де анық сақталған. Енді құнды дүниені құрдымға кетірмеу жағы қарастырылуда.

Күлтөбе Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің сол жағында орналасқан
Күлтөбе Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің сол жағында орналасқан

Қазір бір емес, бірнеше үлгіні қамтыған мұражайдың үстін жабу ойластырылуда. Мамандар енді мың шаршы метрді қоршауға алмақ. Олар бұл мұражайды ТМД аумағында теңдесі жоқ нысан болады деп отыр.

Сәдуақас Агитаев, бас сәулетші: «Мұражайдың төбесін жабу үшін Оңтүстік Кореяның материалдарын пайдаланамыз. Салмағы — жеңіл. Оның ішінде адамдардың ескерткіштерді аралауға, қарауға толықтай мүмкіндігі болады.»

Аспан астындағы мұражайдың құрылысы келер жылы аяқталмақ. Онда көне қала Күлтөбенің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлердің барлығы орналастырылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fT353lCp5gw[/youtube]