Жол апатынан бес жолаушы жапа шекті

194
жол апатының салдарынан жарақат алған жолаушы

 Ташкент-Шымкент бағытындағы тасжолда жол апаты орын алды.  Екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам жарақат алған. Діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар ауруханаға жеткізілген.

Бес бірдей жолаушы жарақат алды. Түрлі жарақатпен келген олардың үшеуі ауруханаға жатудан бас тартыпты. Қалған екеуі дәрігерлердің қадағалауында қалған.

Ерболат Әбдірахманов, дәрігер-травматолог: «Біреуінде ашық жарақат – балтыр сүйектері сынған. Ол бөлімшеге ауысады. Екіншісінің бұғана сүйегі сынған, операция істетуден бас тартып, үйіне кетті. Қалған науқастарда кеуде қуысы мыжылған.»

Жарақат алғандарыдң бірі – Бақтияр Бекшиев жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауысты. Жағдайы әзірге жақсы. Оның аяғы сыныпты. Сарыағаштан Қарабастауға қонаққа келе жатқан ол аурухана төсегінде 10 күн жатады, шыққан соң тағы да екі ай күтінуі тиіс.

жол апатының салдарынан жарақат алған жолаушы
Жол апаты салдарынан жарақат алған жолаушы

Бақтияр Бекшиев: «Машинаның артында демалып келе жатқанмын. Алдымыздан машина шығып қалды. Оның қайндай көлік екенін байқамадым. Бір көзімді ашсам, соғыстық. Көліктеріміз бір жамбастап қалды.»

Айта өтейік, дәл осы күні ауруханаға медициналық колледждің 3-курс студенті де түсіпті. Оның да кеуде қуысы соғылған. Кешкісін Ордабасы алаңында велосипед теуіп жүрген оны машина соқтып кетіпті.

Назерке Қадырова, науқас: «Қатты келе жатып, велосипедтің тежегішін басайын десем, басылмады. Сөйтіп, машинамен соғыстым.»

Апат айтып келмейді. Соңғы уақытта жол апатының саны артып отыр. Аптаның алғашқы күнінде-ақ өңірімізде 12 жол апаты болды. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 19 азамат жарақат алған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5IscBNdwmSc[/youtube]