Қалада ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға денсаулық сақтау министрлігіненде қонақтар келді

Шымкентте медицина саласын ғылыми тұрғыдан дамытуға өзіндік үлесін қосқан Тұрмахан Орынбаевтың 80 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Адам ағзасын жоғарғы қысымдағы оттегімен емдеу әдісін елімізде енгізген дәрігердің еңбегіне арналған шарада екі дәрігерге «Алтын дәрігер» номинациясы бойынша төс белгі табыс етілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға денсаулық сақтау министрлігіненде қонақтар келді
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға денсаулық сақтау министрлігінен қонақтар келді

 Тұрмахан Орынбайұлы енгізген бароорталық Кеңес одағы кезінде де болмаған. Мұндай орталық алғаш Ресейде ашылған болса, кейін білікті дәрігер Тұрмахан Орынбаевтың еңбегімен осы Шымкенттен ашылды. 1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  бароорталықта бүгінде көпшілік ем алады.

 Икрам Төлеев, Тұрмахан Орынбаев атындағы жоғарқы қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрiгерi: «Бароорталықта токсикология және күйік ауруларын емдейтін бөлімшелер бар. Күніне бізде 15-тен 20-ға дейін емдеу сеанстары өтеді. Үйінде есін жоғалтып, комаға түсіп қалған адамдарды осы оттегімен емдеу арқылы тіріліп, үйлеріне аман-есен қайтатын жағдайлар бізде көп кездеседі.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yO3cTqqB8CA[/youtube]

Қазіргі таңда адам өмірін сақтап қалуда жүйелі жұмыс жүргізіп отырған орталықтың жұмысы көптің қызығушылығын туғызуда дейді сала мамандары. Ғылыми-тәжірибелік конференция да осы мақсатта ұйымдастырылған. Елдің барлық өңірлерінен жиналған тәжірибелі дәрігерлер мұнда барокамера жайында тәжірибе алмасатын болады.