Екпе науқаны жүрiп жатыр

254
А және В тұмау вирустары кеңінен таралып отыр

Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерінің мәліметіне қарағанда тұмау вирусын жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асып жығылады.

А және В тұмау вирустары кеңінен таралып отыр
А және В тұмау вирустары кеңінен таралып отыр

Яғни, жыл сайын әрбір 100 мың адамға шаққанда 560-ы осы сырқат түрімен ауыратыны анықталған. Осы орайда, тұмаудың алдын алу бағытында биыл облыс бюджетінен 240 миллион теңге қаржы қаралып, 353 мың дана тұмауға қарсы вакцина егіліпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, биыл А және В типті тұмау вирустары мен басқа да респираторлық вирустардың кеңінен таралуы байқалып отыр. Айта кетейік, созылмалы өкпе ауруына, жүрек-қан тамыры ауруларына шалдыққандарға, әлсіз және жиі ауыратындарға, балалар үйлері мен мектеп-интернатта елімізде тұмауға қарсы вакцинаның 2 түрі тіркелген. Яғни, Францияның «Санофи Пастер» фирмасы шығарған «Ваксигрипп» және Нидерландының «Солвей Фарма» фирмасынан шыққан Инфлювак вакцинасы кеңінен қолданылады. Бұл ретте ескерте кететін жағдай, тұмауға қарсы вакцина тек бір рет егіледі. Ал, дәрінің әсері әдетте дәрі егілгеннен кейін 14 күн өткенде байқалады.