«HILL Corporation» зауыты өнімнің сапасын арттыруда

Зауыт жылына 22000 тонна матор майын шығарады
Зауыт жылына 22000 тонна матор майын шығарады

Оңтүстік өңіріндегі мотор майын шығарумен айналысатын «HILL Corporation» зауыты халықаралық стандартқа сай техникалық май өнімдерін шығармақ. Осы уақытқа дейін елімізді жоғары санатты өніммен қамтып келген зауыт алдағы уақытта сапаны арттыра түспек.

Зауыт жылына 22000 тонна матор майын шығарады
Зауыт жылына 22000 тонна матор майын шығарады

«HILL Corporation» компаниясы жылына 22 000 тонна матор майын шығаруға қауқарлы. Сапалы өнім шығаруды басты назарға алған зауыт елімізбен қатар өзге елдерді де, матор майымен қамтуды жоспарлап отыр.

Баходыржан Сайдуллаев, «HILL Corporation» зауытының техникалық жетекшісі: «Қазір біз 25-30 пайыздай өнімімізді шет елдерге шығара бастадық. Ресей мен Қырғызстан және Қытай мен Тәжікстан елдеріне экспортталады. Бірақ мақсатымыз әлемдік деңгейдегі зауыттармен бесекелес болу».

Әрине, әлемдік деңгейдегі компаниялармен бәсекелесу бұл зауытқа оңайға соқпай отыр. Дегенмен жаңа жобаға кіріскен компания жаңа өнімін келер жылдан бастап сатылымға шығармақ.