Жасөспірімдердің көңілі түнгі клубқа ауып тұр

621
Түнгі рейд барысы

Қаламыздың жасөспірімдері ойынханаларды қойып,түнгі клубтарға ығысқан.  Бірақ, перзентінің бұл қалауы ата-анасы үшін қымбатқа түспек. Заңда түнгі оннан кейін көшеде бейуақыт жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салу қарастырылған.

Түнгі рейд барысы
Түнгі рейд барысы

«Жасөспірім» рейдтік іс шарасы кезінде 6 жеткіншек ұсталды. Жігіттер қаламыздағы түнгі клубтардың біріне кіріп бара жатыр екен.

Құжаттары жоқ болғандықтан түнгі оннан кейін көшеде бейуақыт жүрген жастарды арнайы тексеру бекетіне әкеле жатқанда тағы 3 жасөспірім ұсталды. Туған күн кешіне бара жатқанын сылтауратқан олардың да құжаттары да жоқ екен. Бастапқыда балиғатқа толып қойған боздақпыз де,п бет бақтырмаған балалардың сөзі тәртіп сақшыларын сендіре алмады. Бұлардың кәмелетке жасқа толмағаны арнайы бағадарлама арқылы тексеру барысында анықталды.

Атап өту керек, ағымдағы жылдың 10 айында кәмелет жасқа толмағандардың оннан кейін көше кезуіне байланысты 1000 әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда бұл көрсеткіш әлі де өсе түсетінге ұқсайды. Ал ұсталған жігіттердің артынан ата-анасы келмеген жағдайда, олар жастар бейімдеу орталығына жіберіледі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xFHrJhWzxUY[/youtube]