Жол кедергілері тұрғындардың өтінішімен қойылады

871
сала мамандары жол кедергілері орнатылған көшелерде апаттар аз болады дейді

Бұдан былай тұрғындардың өтініші бойынша, жол кедергісін орнату қажет деп табылған қосымша орындар анықталып, тозған жол кедергілері де жаңаланатын болады.

сала мамандары жол кедергілері орнатылған көшелерде апаттар аз болады дейді
сала мамандары жол кедергілері орнатылған көшелерде апаттар аз болады дейді

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі, транспорт және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне қарағанда соңғы 5 жыл уақыт мерзімінде қала көшелерінде жалпы ұзындығы 1 300 метр қашықтықты құрайтын жасанды жол кедергілері қойылған.

Бұл ретте, тек биылдың өзінде 111 метр қашықтықты құрайтын жол кедергісі қойылды. Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен   қажетті қаражат та қарастырылған. Бұл бойынша келер жылы тағы жалпы ұзындығы 120 метр қашықтықты құрайтын жасанды жол кедергілері орнатылады деп күтілуде.

2008 жылдан бері қала аумағында қызу қолға алынған бұл жұмыстар қазіргі таңда өз нәтижесін беріп келеді. Сала мамандары жасанды жол кедергілерi орнатылған көше бойында жол-көлік оқиғалары азая түскені байқалады деп сендіруде.