Шымкенттің ауасы тазарып жатыр. Бұлай деп сенімді түрде айтуға негіз жоқ емес. Ауаның тазалығын тексеретін зертхана мамандары нәтижені қуана жеткізді. Яғни, автокөлік иелерінің жауапкершілігі артқан немесе жанармайдың сапасы жақсарған.
Гүлнәр Мәуленова, зертхана меңгерушісі: «Мен қазір тұрғындар анағұрлым таза ауамен еркін демалып жүр деп айта аламын. Ия, қала ауасы тазарып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында келесі жылы бізге 2 бірдей қосымша орын бөлінеді. Тұрғындар саны өскен сайын қосымша орындардың да қажеттілігі туындайды.»
Шымкентте таза ауа үшін күрес баяғыда-ақ басталған. Табиғатқорғаушылар көшеге шығып, арнайы құрылғылармен автокөліктерді тексеретін. Тіпті талапты орындамаған жүргізушілерге айыппұл салып келген. Енді осы бастама нәтиже бере бастаған ұқсайды. Бұған қоса, гидрометтің мамандары Қаладағы жаңа шағынаудандарды бақылап отыру үшін жаңа құрылғылармен толықпақ.
Егер мемлекет табиғатқорғаушылар бағдарламысының аясын кеңейтсе, онда мамандар Шымкентте қалықтап жүрген ауырметаллдарды сол сәтте-ақ анықтай алады. Зертхана қызметкерлері бұл мақсаттағы құрылғыға қазір қол жеткізіп отыр.