Қошқарата өзенінде қырылған балықтарға қатысты экологтар мәлімдеме жасады

341

Балықтар неден қырылды? Қошқарата өзенінде балық өлекселерінің пайда болуына байланысты Шымкент қаласы бойынша экология департаменті атқарылған шаралар бойынша арнамызға сұхбат берді.

Тексеру жұмыстарының барысында «Гранд Строй Групп» ЖШС-і  Қатын көпір шағынауданындағы ПМК-49 кәріз жүйесінің құбырынан келіп құйылатын әрі қарай Жайлау шағынауданына қосылатын кәріз құбырлары қосылған орнынан кәріз құбырының қоқыспен толу салдарынан Қошқар ата өзеніне төгілу орын алғаны анықталды.

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Қадырхан Бейсенбаевтың айтуы бойынша ҚР Экологиялық кодексінің 225 бабы 2 тармағы талаптары бұзылғандығына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344- бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, кәріз жүйесінің сарқындысын Қошқарата өзеніне төгілу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалы есептеліп, 28 668 теңге теңге бюджетке төлем жасау туралы нұсқама жолданыпты.

Шынар Оразова