«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолы заңбұзушылықтарға толы

173
Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралі

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан құрылысында жарты миллион теңге мемлекетке залал келтірілген. Ордабасы ауданындағы автобан жолында құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Бейнестрой» ЖШС-нің ШФ мен «Kukdonq Enqineerinq&Construction Co.Ltd» АҚ-ның ШБ топырақты заңсыз пайдаланғаны анықталған. Аталған компаниялар 223 мың куб.метр топырақ заңсыз қолданылған.

Аталған факті бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал 469 миллион теңге деп белгіленді. ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратцурасының талап-арызы негізінде аталған заңбұзушылық боынша, экономиалық сотта іс қаралып жатыр.

«Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан құрылысын Түркістан ауданынының аумағында жүргізіп жатқан «Сейсер» ЖШС-ның да қызметін тексеру барысында бірқатар заңсыздықтарға жол берілгені анықталған. Қоршаған ортаға тигізген залалы 13 миллион теңге деп бағаланып отыр. Аталған факті бойынша 5 әкімшілік іс қозғалып, қазіргі таңда ауданаралық экономикалық соттың қарауында жатыр. Аталған іс бойынша, экономикалық сотта мемлекет пайдасына айыппұл төленуі тиіс»-дейді ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев.

«Иә, ондай заңбұзушылықтар анықталғаны рас. Прокурорлардың тапсырмасымен арнайы тексеру жүргізгенбіз. Олар өзбілермендікке жол берген. Осы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан құрылысы басталар кезінде министрлік пен жергілікті әкімдіктердің қатысуымен үлкен алқалы жиын болған. Сол кезде мен осы мәселені көтергем. Қазір сол жол құрылысында жұмыс істеп жатқан компаниялардың рұқсаты жоқ. Олар экологтардан жердің қай бөлігін, топырақты заңды пайдалану туралы сараптамасынан кейін рұқсат алу керек еді»,-дейді облыстың бас экологы Әбдіғани Атымтаев.