Жәрмеңке бағасы халықтың көңілінен шығып тұр

321
әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңкенің көрінісі

Дәстүрлі түрде өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бұл жолы да шымкенттіктерді қуантты. Әл-Фараби алаңына тізіле жайылған өнімдер өзіміздікі, яғни, облысымызға қарасты ауыл-аймақтан әкелінген. Арзан баға көпшіліктің көңілінен шықты.

әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңкенің көрінісі
Әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңке

 Жәрмеңкеге қойылған азық-түлік, көкөніс пен ет бағасы базар нарқынан әлдеқайда арзан. Сәбіз бен картоптың келісін 50 теңгеге, алмаларды 100-150 теңгеге сатып алуға болады. Ең өтімді қырыққабаттың бір келісі 25 теңгеден сатылуда.

 Бұл жәрмеңкеге бір ғана сарыағаштық диқандардың өзі 22 тонна өнімін әкелген. Зейнеп Жүнісова жәрмеңкеге келушілердің қатары апта сайын артып жатқанынан қуанады. Ал Лидия Кандаурова апта сайын жәрмеңкеге келеді. Мұндағы арзан өнімдері алып, ұйымдастырушыларға риза болып қайтады. Қымбатшылық жағадан қысқанда азық-түлікті бір күн болса да арзан алатын күннің барлығына тәубе етеді. «Аллаға шүкір! Барлығы бар, барлығы арзан. Керегіңді қалтаң көтеретін бағада сатып алып, қайтасың» дейді әжей.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=M_MevUxEEvU[/youtube]

 Жәрмеңкенің барысын жауаптылар бастан-аяқ қадағалап тұрады. Мұндағы мақсат – халықтың көңілінен шығу. Әр апта сайын алыстан ат арылтып келетін ауылдағы ағайын тегін әрі таза орынға жайғасып, өнімін өткізе алады.