Грек-рим палуандары мен джиткундошылар бірікпек

365
Джет кун доның басты шарты қарсыласынан басым екенін айқын аңғарту

Шымкентте шығыс жекпе-жегінің шеберлері ептілігін сынға салды. Еліміздің ашық біріншілігі қаламызда алғашқы рет өтуде. Содан болар, бұл жолғы турнирде 180-нен астам спортшы қатысты. Жарыстың бас жүлдесін сарапқа салу үшін Өзбекстандық спортшылар да арнайы келіпті. Брюс Лидің ізбасарлары екі күн бойында татами төрінде мықтылық танытуға тырысты.

"Асар-Қайсар" командасы жарыстың жеңімпазы атанды

Алғашқылардың бірі болып татами төріне джиткундоның «ханшайымы» – Жібек Тұрғынбаева шықты. «Асар Қайсар» командасының мүшесі 2013 жылы Азия чемпионатында чемпион атанған болатын. «Жылқы жылын да жеңіспен бастасам» дейді бойжеткен.

Жібек Тұрғынбекова өзінен салмағы ауыр, бойы да ұзын қарсыласпен кездесті
Жібек Тұрғынбекова өзінен салмағы ауыр, бойы да ұзын қарсыласпен кездесті

Оның бұл жолғы қарсыласы алматылық бойжеткен болды. Оңтүстік астаналық қонақ Жібектен 5 келіге ауырлау, бойы да ұзын. Дегенмен Шымкенттік спортшы жеңіске жетті.

Жібек жарысқа шығар алдын жаттығулар барысында ерлермен жекпе-жекке шығып дайындалады
Жібек жарыстың алдында ерлермен жекпе-жекке шығып, дайындалады
Алматылық бойжеткен де осал емес болып шықты
Алматылық бойжеткен де осал емес болып шықты
Дегенмен бұл жолы да шымкенттік Жібек жеңімпаз атанды
Дегенмен бұл жолы да шымкенттік ару жеңімпаз атанды

Джиткундодан ашық ел чемпионатына грек-рим күресінен әлемнің төрт дүркін чемпионы арнайы келген. Бисолт Дециевке джиткундоның алтыншы дэн санаты берілді. «Алдағы уақытта спорттың бұл түрімен етене араласып, бірлесе жаттығулар жасауға да дайынбыз» дейді чемпион.

Айта кету керек, спорттың қай түріне болмасын, джиткундо мен грек-рим күресінің палуандары да қатыса алады. Өйткені спорттың бұл түрі күрестің бірнеше түрін өзіне қамтыған.

Бисолт Дециев өз шәкірттерін де осында алып келуді жоспарлауда
Бисолт Дециев өз шәкірттерін де осында алып келуді жоспарлауда
Джет кун доның басты шарты қарсыласынан басым екенін айқын аңғарту
Джиткундоның басты шарты – қарсыласыңнан басым екеніңді айқын аңғарту керек

Бұл жолғы жарыста шымкенттіктердің қоржыны медальға толды. «Асар-Қайсар» командасы 22 жүлдеге қол жеткізді. Сайрамдықтар да епті екенін байқатты. Ендігі мақсат – халықаралық аренада топты жару болып отыр.

Жарыс тартысты жекпе-жектермен есте қалды
Жарыс тартысты жекпе-жектерімен есте қалды