Коммуналдық қызметтің құны шарықтап тұр

249
коммуналдық қызмет ақысы жыл сайын артып отыр

Күнкөріс деңгейінің ең төменгі мөлшері өскенімен, қоммуналдық қызмет бағасы шарықтап кетті. Биылдан бастап қолданған әрбір судың бір текшесіне былтырғыға қарағанда 3 теңге 48 тиын артық төлейсіз. Ал көгілдір отын 1 теңге 98 тиынға қымбаттап отыр. Бұған жаңа жылдан бастап жаңа тарифке ие болған жарықты тағы қосыңыз. Оның бағасы 63 тиынға өсіп отыр.

Зейнеткерлер ең төменгі күн көріс деңгейімен өмір сүруге болмайды дейді
Зейнеткерлер ең төменгі күнкөріс деңгейімен өмір сүруге болмайды дейді

Айжамал Аманбайқызы коммуналдық қызметке келген төлем қағаздарындағы сандарды қайта-қайта бір-бірімен қосып санауда. Қанша үнемдесе де коммуналдық қызметке кететін қаржы қалтаға әжептеуір салмақ салады дейді. Есептей келгенде зейнетақысының 40 пайызы дәл осы қызмет түрлерінің төлеміне жұмсалатын болып шықты. 

Айжамал Молдабергенова, зейнеткер: «Мен өткен айда коммуналдық қызметке 16 244 теңге төлеппін. Ал енді жаңа жылдан бастап жарыққа, газға қосылып жатыр екен. Сонда мен, есептеп отырсам, 20 мыңнан аса теңгемді тек коммуналдық қызметке беріп отырамын. Зейнетақының көтерілгені неге керек? Қымбатшылық жағадан алса?» 

коммуналдық қызмет ақысы жыл сайын артып отыр
Коммуналдық қызмет төлемақысының қағаздары

Ал экономистердің айтуынша, бұл шығынды қысқартуға болатын көрінеді. Ол – отбасындағы жан басына байланысты. Егер жалғызбасты болсаңыз, мемлекет белгілеп берген 19 мың 966 теңгеге күн көруге болады. Артық шығын шығармайсыз, қонақ шақырмайсыз. Бірақ, бұл үнемшілдік қазаққа тән емес. Тәуелсіз экономисттің айтуынша, барлық жағдай адам баласының өзіне байланысты екен. «Бей-берекет жаратса, ешқашан жетпейді. Егер үнемшілдікке бет бұрса, 19 мың 966 теңгеге күн көруге болады» ейді олар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hjfCQ_w_8BM[/youtube]

19 мың 966 теңге. Бұл көрсеткішке күн көрмек түгілі коммуналдық қызметтің ақысын төлей алмайтындар да жетерлік. Тиынан теңге құрап отырған көпбалалы отбасылар мен бір зейнетақыға қарап отырғандар қанша үнемдесе де шығыстарына шектеу қоя алмайды.