Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты бірінші мамырда да іске қосылмайтын болды. Естеріңізде болса, наурыз айында «Жаңа техналогиялар» ЖШС-нің басшылары сәуірдің 15-жұлдызында зауыттың қондырғылары толығымен іске қосылып, мамыр айында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді бастаймыз деген болатын. Алайда әлі күнге дейін қондырғыларды жүргізу аяқталмады.
Бюджет қаржысына салынған қоқыс полигонында да сапасыз жұмыстар жеткілікті. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары сол келеңсіздіктердің бәрін тізіп, облыстық құрылыс бөліміне жолдады. Енді мердігерлер кем-кетікті жамағанша тағы біраз уақыт өтеді. Осылайшы қоқыс өңдеу зауыты шаһардағы сақалды құрылыстардың қатарына қосылайын деп тұр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UwoJtPLVf2A[/youtube]