10-сынып оқушылары бір күнге сарбаз атанды

706

Әрбір жігіт әскери сынаққа дайын болуы тиіс. Мектеп оқушылары үшін дәстүрлі «Ақтас» оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Сап түзеген жасөспірімдер үшін 6506 әскери бөлімінің сарбаздары ұрыс өнерін көрсетті. Мұнда оқушылар әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, жаттығады. Ақтас оқу-жаттығу алаңында қаламыздағы 113 мектептің 3000 мыңнан астам оқушысы түрлі жаттығулар бойынша әскери дайындықтан өтеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l0LUSlCRkA8[/youtube]

Сәуірдің 21-і мен 26-сы аралығында өтетін оқу-жаттығуға қатысып жатқан жігіттердің дені сынақтың көбін мектеп қабырғасында-ақ меңгерген. Алғаш боп сынақ тапсырғандар Әл Фараби ауданына қарасты білім ошақтарының жігіттері. Атылған автомат, жарылған граната — мұның барлығы оқушылардың бойларын үрейден арылту дейді әскерилер. 

Сап түзеген әл Фараби ауданының 1041 оқушысы
Сап түзеген әл Фараби ауданының 1041 оқушысы

IMG_9133

Оқушылар патриоттық әндер орындады
Оқушылар патриоттық әндерді орындады

IMG_9119

65/06 ішкі әскери бөлімінің оркестірі
6506 әскери бөлімінің оркестрі

Оркестр әскери марштарды орындады

65/06 әскери бөлімінің сарбаздары ұрыс өнерін көрсетуде
6506 әскери бөлімінің сарбаздары ұрыс өнерін көрсетуде

IMG_9177

IMG_9172

IMG_9173

IMG_9166

Оқушылар оқу-жаттығу алаңына бет алды
Оқушылар оқу-жаттығу алаңына бет алды

IMG_9250

Жаттығу барысында қару, кім-кешекті жинап қою үлгісі

IMG_9247

Биылғы оқу-жаттығудың өзіндік ерекшелігі де бар. Үкімет қаулысына сәйкес, мұнда әдеттегідей 11-ші емес, 10-сынып оқушылары келген. Алдағы күндері Абай және Еңбекші аудандарының 75 мектебінің екі мыңнан астам оқушысы да әскери дайындықта сынақ тапсыратын болады.