Балалар пойызы биыл да жүрмеуі мүмкін

Шойын жол — апатты жағдайда. Бас стансадан соңына дейін. Қазір құзырлы мекеме балалар пойызын осы олқылығы үшін жүргізбей қойған. Қазір теміржолдың бас станциясына бара қалсаңыз, пойыздың қаңтарылған құр қаңқасын ғана көресіз. Ал оның күрделі жұмысына қазынадан қашан қаржы бөлінері белгісіз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Zihq8RTx4Oc[/youtube]

Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы: «Теміржолдың 6,2 шақырымы, яғни, барлық жолы апатты. Осыған бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір сметалық-құжаттар дайындалып жатыр. Мүмкін, осы шілде айының ішінде пайдалануға қосу қаралып жатыр. Яғни, 1-маусым — балаларды қорғау күнінде де теміржол іске қосылмайды.»

Шымкенттік балғындар биыл да балалар пойызымен сайран сала алмайды

Шымкенттік балғындар биыл да балалар пойызымен сайран сала алмайды

Шымкенттік балғындар биыл да балалар пойызымен сайран сала алмайды

Үп-үлкен пойыздың кішкене ғана көшірмесі бір кездері жұмыс істеген десек — сенбессіз. Өйткені, қаңқасы ғана қалқиған балалар пойызы бүгінде балғындарды тасымалдағаннан гөрі мұражай қызметін көп атқаратындай. Бұл күндері бұл аймақтан жан атаулыны көрмейсіз. Тек шойынжол бала біткеннің ермегіне айналған.

Бекжан Бауыржанұлы, оқушы: «Пойыздың баяғыда істегенін білем. Дендропаркке баратын. Содан кейін істеп жүргенін әлі көрген жоқпын. Жөндеп, жұмыс істетсе мінер едім.»

Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бас маманы: Теміржолдың 6,2 шақырымдық, яғни барлық жолы апатты. Осыған бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Мүмкін болатын болса, осы шілде айының ішінде пайдалануға қосу қаралып жатыр. Яғни, 1-маусым - балаларды қорғау күнінде де теміржол іске қосылмайды".

62

Балалар күнінде де, басқа күні де пойызды зыр жүргізіп, қызмет көрсетуге бейілміз дейді Шымкенттегі бір колледж ұжымы. Бірақ 2 жылдан бері жазылып келе жатқан арызға «мақұл» деген билік жоқ. Теміржол оқу орнының қүзіретіне өтсе, бір оқпен екі қоян атар едік дейді. Яғни, колледж студенттері балаларға да қызмет көрсетеді, теорияны да тәжірибемен ұштастырады.

Марс Елекеев
Марс Елекеев

 

Марс Елекеев, Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директорының орынбасары: «Біз он екі ай бойы оның бүкіл паркіне, жылжымалы құрамына, жолына техникалық қызмет көрсете аламыз. Жөндей аламыз және ұқыпты ұстауға біздің адамдарымыз жеткілікті. Ал қалалық ТҮКШ оны жөндегеннің күннің өзінде жылына тек үш ай ғана жұмыс істетеді.»

 

балалар пойызы

балалар пойызы

балалар пойызы

балалар пойызы

Ал бұл ұсыныстан жергілікті коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер хабарсыз болып шықты. Жалпы, балаларға қызмет көрсетуі кешеуілдеп кеткен осы бір шойынжолдың толықтай жұмыс күшіне енгенін ешкім көрмеген шығар. Өйткені, жыл сайын миллиондап қаржы қаралған осы жоба нәтижесін әлі бермей келеді. Қысқасы, аққу, шортан һәм шаянның кейпінде жүргенде еліміздегі бірден-бір пойызжол ескерткіштің кебінін киіп қалмаса игі.

балалар пойызы

балалар пойызы

балалар пойызы